Шығыс өңірінде «Делаваль» фирмасының заманауи технологиясымен жабдықталған тауарлы сүт фермасы ашылды. 100 бас сауын сиырға арналған ферманың жобасын Ұлан ауданының Аблакетка ауылдық округіндегі «Сағынқұмаров» шаруа қожалығы жүзеге асырып отыр.
Қарашоқы елді мекеніндегі «Сағынқұмаров» шаруа қожалығының жетекшісі Майдан Сағынқұмаровтың айтуынша, жаңа фермаға бүгінде 100 бас «Сименталь» сүтті сауын сиыры сатып алынған. Сондай-ақ, тауарлы сүт фермасының әрі қарай дамуы үшін мемлекет тарапынан қосымша 55 гектар суармалы жер телімі бөлінді.
– Бұл тауарлы сүт фермасы бірінші кезекте, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру аясында қабылданған 100 нақты қадамының 60-қадамын орындау бағытында ашылып отыр, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов.
Жобаның жалпы құны 117 млн. теңгені құраса, оның ішінде 66 млн. теңге жеке қаражат есебінен, ал 51 млн. теңге «Ырыс» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алынды. Ферманың өнімі жергілікті «Багратион Ұлан» ЖШС-нің сүт өңдеу зауытына тапсырылады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы.
• 26 Маусым, 2015
100 бас сауын сиыр заманауи технологиямен сауылады

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше